Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы

Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 294-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік статистика туралы» Заңың 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес:

1) 1-қосымшаға сәйкес жанғыш газдарды жағудан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

2) 2-қосымшаға сәйкес жылу электр станцияларының, жылу электр орталықтарының және қазандықтардан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

3) 3-қосымшаға сәйкес мұнай және газ өндіретін қондырғылардан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

4) 4-қосымшаға сәйкес шойын, болат және күйдіргіштерді біріктірілген өндірісі бойынша қондырғылардан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

5) 5-қосымшаға сәйкес цемент өндіру және әк өндіру қондырғыларынан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

...

«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 371 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24383 болып тіркелді) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

Толығырақ мәліметті мына сілтеме арқылы табуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14076398
Поделиться:

Новости по теме