«ЭКОЛОГИЯ И ПРОМЫШЛЕННОСТЬ КАЗАХСТАНА»
Тоқсан сайынғы ақпараттық-талдамалық журнал
Құрылтайшылары: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» РМК, «Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық ассоциациясы» ЗТБ
«Экология и промышленность Казахстана» журналын Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық ассоциациясы (ҚАПУР) 2004 жылдан бері шығарады. БАҚ куәлігі.
2014 жылы ол ISSN серияларды тіркеудің халықаралық орталығында (ЮНЕСКО, Париж, Франция) тіркелді және оған ISSN 2311-536X халықаралық нөмірі берілді.
Журнал мемлекеттік органдар арасында, соның ішінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Энергетика министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сондай-ақ халықаралық және қазақстандық кәсіпорындар, экологиялық және консалтингтік компаниялар, бизнес қауымдастықтары мен ғылыми ұйымдар арасында кеңінен таралған.
«Экология и промышленность Казахстана» журналы кәсіпкерлердің, экологтардың, мемлекеттік қызметкерлердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің, ғалымдардың, мұғалімдердің, студенттердің – экология саласындағы оқиғалар мен соңғы жетістіктерге ықыластық танытатындардың барлығының үлкен қызығушылығын тудырады.
Өнеркәсіптік экология саласындағы жетекші басылымдардың бірі бола отырып, журнал өндірісте экологиялық тиімділік стратегиясын енгізу, жаңа экологиялық таза технологияларды қолдану мәселелерін де айналып өтпеді.
Басылымның әрбір нөмірінде аймақтық және халықаралық тәжірибе контексінде қарастырылатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы есепке алу мен стандарттаудың жаңа нысандары туралы мақалалар бар.
Кәсіпорыныңыз туралы біліміңізбен немесе тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе, мақалаларыңызды kbcsd@kap.kz электронды мекенжайына «ЭиПК журналына» белгісімен жібере аласыз. Мақалаларды жазу ережелерін осы жерден таныса аласыз.
Сіз журналға жазылысты рәсімдей аласыз:
1. «Қазпочта» АҚ кез келген бөлімшесінде, басылымының индексі 75180,
Басылымдардың негізгі каталогы. (жеке және заңды тұлғалар үшін)
2. http://www.postmarket.kz/ сайтында, (жеке тұлғалар үшін)
3. Шарт бойынша (заңды тұлғалар үшін)
*Баспа жылына 4 рет шығады.
«Экология и промышленность Казахстана» журналының редакциясы
Алматы қ., Шевченко көш., 90, 23А кеңсе
тел: +7 727 313 78 10 e-mail: kbcsd@kap.kz