БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – бұл 17 мақсат пен 169 міндет, БҰҰ-ға барлық мүше мемлекеттер (193) 2030 жылға қарай қол жеткізуге келіскен. Денсаулық ортаңғы орында тұр және ТДМ-да 3 «Салауатты өмірді қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдар үшін әл-ауқатқа жәрдемдесу» болып көрсетілген.
Сондай-ақ 13 басқа мақсат ДДСҰ қызметінің спектірінің кең ауқымын қамтитын мәселелеріне бағытталған.
Сонымен, 16 мақсаттың барлығы дерлік денсаулыққа тікелей қатысты немесе денсаулық сақтау саясатына әсер етеді. Даму саласының мыңжылдық Мақсаттарына негізделген жаңа күн тәртібі барлық елдер үшін өзекті және әйелдердің, балалардың, ең кедей және халықтың ең аз қамтылған топтарының қажеттіліктерін қанағаттандырудағы тепе-теңдікті жақсартуға бағытталған.
1-мақсат: Кедейлікті жаппай жою
2-мақсат: Аштықты жою
3-мақсат: Жақсы денсаулық және әл-ауқат
4-мақсат: Сапалы білім
5-мақсат: Гендерлік теңдік
6-мақсат: Таза су және санитария
7-мақсат: Қолжетімді және таза энергия
8-мақсат: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу
9-мақсат: Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым
10-мақсат: Теңсіздікті азайту
11-мақсат: Тұрақты қалалар мен елді мекендер
12-мақсат: Тиімді тұтыну мен өндіру
13-мақсат: Климаттың өзгеруімен күресу
14-мақсат: Теңіз экожүйелерін сақтау
15-мақсат: Құрлық экожүйелерін сақтау
16-мақсат: Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар
17-мақсат: Тұрақты даму үшін серіктестік