OPSIS экологиялық мониторинг станциясы шығарындылардың шеткі рұқсат етілген шоғыр мөлшерінен аспағанын көрсетті

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытының санитарлық қорғау аймағы шекарасындағы Зеленстрой кенті маңында оратылған ауа атмосферасына мониторинг жасайтын станция жұмысының алғашқы нәтижелерін жария етті.

Павлодар алюминий зауытының санитарлық қорғау аймағы шекарасында ауа атмосферасындағы ластаушы заттардың шоғыры нормадан айтарлықтай төмен. OPSIS экологиялық мониторинг станциясының жұмысы мұны анық көрсетті. Ауадағы газдардың 6 түрінің мөлшерін автоматты түрде айқындап, экологиялық жағдайға мониторинг жүргізетін станциясы осыдан жарты жыл бұрын орнатылған болатын. Қазіргі таңда ол жергілікті метеожағдайларға әбден үйреніскен.

– Жабдық тестілік тәртіпте жұмыс істеп тұрғанда, біз экологиялық мониторинг тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн тоқтаусыз жүріп жатқанына көз жеткізіп отыруды міндет еттік. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың түйіндемесіне сәйкес, кәсіпорынға бекітілген ластаушы заттардың шеткі мөлшерлері бойынша өлшемдер алынды. Оның үстіне станция көмірсутегі мөлшерін де айқын көрсетіп тұрады. Әрі метеорологиялық параметрлер де тіркеді,- деді «Қазақстан алюминийі» АҚ қоршаған ортаны қорғау департаментінің бастығы Ринат Сырлыбаев. – Бар мәлімет Швециядағы OPSIS компаниясының серверіне онлайн режимінде жолданады. Яғни біз бұл процеске қатыспаймыз.

Бұл мәліметтерді Павлолдар алюминий зауытының мамандары да онлайн режимінде алып, ондағы параметрлер өзгерген жағдайда шұғыл әрекет етулеріне болады. 

– Экологиялық мониторинг станциясы іске қосылғаннан бері кәсіпорынға 3 мәрте қолайсыз метеорологиялық жағдай тутарлы хабарлама жолданды. Тіпті жел қала жақтан соққанда да, өлшем алынды. Алайда, шығарындылардың шеткі рұқсат етілген шоғыр мөлшерінен асқан емес,- деді Ринат Сырлыбаев.  пағанын көрсетті   

Қазіргі таңда Павлодар алюминий зауытының мамандары осы мәліметтер мен өлшемдердің көрсеткішін қоғам назарына барынша жариялы етудің амалдарын қарастырып жатыр. 

Жаңа станция ауаға табысты мониторинг жасауға қажетті заманауи техника талаптарына сай жабдықталған. Ол 2018 жылдың ақпанында «Қазақстан алюминийі» АҚ мен Павлодар облысы әкімдігінің арасында жасалған қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі өзара әріптестік туралы Меморандум аясында орнатылды.

«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау шаралары бұл станциямен шектелмейді. Павлодлар алюминий зауытындағы күйежентектеу цехында сүзгілерді ауыстыруға дайындық басталды. Бұл бастама Еуразиялық Топтың ауа атмосферасына шығарындыларды азайтуға бағытталған жаңа Стратегиясы аясында қолға алынған. Ол ERG кәсіпорындарындағы қатты заттар шығарындыларын айтарлықтай азайтып, Еуропа Одағы елдерінде қабылданған ауа сапасын стандарттарының сақталуына сеп болмақ. Стратегияны жүзеге асыруға Топ 200 млн еуродан астам қаражат жұмсауды көздеп отыр. Газ тазартудың озық технологияларын енгізу шығарындылары құрамындағы қатты заттарды ұстап қалуға әрі кәсіпорындардың жалпы энерготиімділігін арттыруға да сеп болады.


Қосымша ақпарат үшін хабарласуыңызды өтінеміз:

«Қазақстан Алюминийі» АҚ, Павлодар қ, 

Корпоративтік коммуникациялар қызметі

т/ф.: +7 (7182) 37 60 29, + 7 701 536 34 91

Olga.Vareneva@erg.kz

«Қазақстан Алюминийі» АҚ (ҚА) Қазақстандағы жалғыз глинозем өндіруші 

«Қазақстан Алюминийі» АҚ Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіреді және Қазақстандағы жалғыз глинозем өндіруші. Кәсіпорын жұмысының негізгі бағыты – «Байер-күйе жентектеу» бірегей схемасы негізінде металлургиялық глинозем алу үшін қажет боксит өндіру және өңдеу.   «Қазақстан Алюминийі» АҚ жылына 1,5 млн тонна глинозем өндіреді. Компания құрамында Павлодар алюминий зауыты, «Керегетас» әктас кеніші (Павлодар облысы), Краснооктябрь және Торғай боксит кен басқармалары бар (соңғы екеуі Қостанай облысы аумағында).

Компания сонымен қатар Қазақстанның ірі қалаларының бірі - Павлодар қаласы тұрғындарының 40%-ын жылумен қамтып отырған ірі жылу электрстанциясын  басқарады. ЖЭО-ғы газтазарту жүйесі жұмысының нәтижелілігі 99,7% құрайды.



EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

Eurasian Resources Group (ERG) – кәсіпорындары  қазып шығару, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды өңдейтін әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары мен бизнесті дамыту жобалары жұмыс істеуде. Компания өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі. 2019 жылы Eurasian Resources Group Қазақстандағы бизнесінің 25 жылдық  мерейтойын атап өтсе, Люксембургтегі басқарушы компания  бас кеңсесінің құрылғанына 5 жыл толады.

ERG – жоғары көміртекті феррохром өндірісі және темір кенін жеткізуші әлемдік деңгейдегі ірі компанияға айналды. Бұл – Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін бірден-бір кәсіпорын. Еуразиялық Топ сондай-ақ, мыс пен кобальтты жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ кәсіпорындары  орналасқан. Олар: «Казхром» ТҰК, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестіг»і (ССКӨБ), «Қазақстан Алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты» (ҚЭЗ),» Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» (ЕЭК), «Шұбаркөл Көмір» және «ТрансКом» көліктік тобы, «3-Энергоорталық» және ERG Service.

Конго Демократиялық Республикасында ERG – Boss Mining, Frontier және Comide кәсіпорындарында мыс және кобальт кенін өндіріп, өңдейді. Аталған елде сондай-ақ, Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) секілді аяқталуға жақын бірнеше жобалар жүзеге асырылуда.

ERG-дің мыс балқыту зауыты Chambishi Metals PLC – Замбиядағы жетекші кәсіпорын. Әлемдегі ірі өндіріс орнындағы өндірілген мыс және кобальт Лондон металл биржасында саудаға шығарылады.

Сонымен қатар, компанияның Африка құрлығындағы бірнеше елде, оның ішінде Оңтүстік Африка республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру бойынша жобалары бар.

Бразилияда ERG жылына 20 млн тонна өнім беретін темір кен өндірісі – Pedra de Ferro жобасын іске асыруды жалғастыруда.

ERG – аккумулятор батареялары секторы үшін Ғаламдық альянстың серіктес-құрылтайшысы. Бүкіләлемдік экономикалық форум платформасында құрылған жоба қазірде қатары жылдам өсіп келе жатқан гаджеттер мен электромобильдер секторлары тізбегінің тұрақты, жауапты және  инклюзивті дамуы мақсатында жұмыс істеуде.

Поделиться:

Новости по теме