Технологияларды «жасыл» технологиялар ретінде тану қағидаларын бекіту туралы

Технологияларды жасыл технологиялар ретінде тану көрсетілген жасыл технологияларға арналған өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

«Жасыл» технологиялардың өлшемшарттары осы Қағидаларға сәйкес айқындалады және экономикалық қызметтің кез-келген түрінің технологиялары үшін бірыңғай болып табылады.

Технологияны «жасылға» жатқызған кезде төмендегі өлшемшарттар қарастырылады:

1) міндеті;

2) ресурс үнемдеуі;

3) энергетикалық тиімділігі;

4) қалдықтарды болдырмауы және азайтуы;

5) адам үшін технологияның қауіпсіздігі;

6) биологиялық алуантүрлілік үшін технологияның қауіпсіздігі.

Бұл ретте, өлшемшарттар технологияны «жасыл» технологияға жатқызудың үш немесе бірнеше өлшемшарттары бойынша технология түрін сипаттайтын бір немесе одан көп репрезентативтік көрсеткіштерді көздейді.

Технологияның «міндеті» деген өлшемшартының мәні қоршаған орта мен адам үшін төмендегі әсерлерге қол жеткізуге бағытталған технологияның нысаналы бағыты негізінде анықталады:

1) қоршаған ортаны қорғау;

2) қоршаған ортаға эмиссияларды азайту;

3) қайталама шикізат пен материалдарды алып, қалдықтарды өңдеу;

4) тұйық циклды пайдаланып суды (ауыз су мен ағынды суды) тазарту;

5) көміртек ізін төмендету;

6) адам денсаулығын қорғау.

 

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14017213
Поделиться:

Новости по теме