Қауымдастық әрбір мүше компанияға жоғары платформа ұсынады және министрліктермен және ведомстволармен, Қазақстан Республикасының Парламентімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ортақ ұстанымдарды әзірлеуге қатысуға мүмкіндік береді.
Қауымдастықтың жұмысына белсенді қатысу компанияларға жаңа жобаларды көбірек іске қосуға мүмкіндік береді, сенімді әлеуметтік серіктес ретінде бизнестің беделін қалыптастыру үшін оларды іске асыру қоғамдық ортаны кеңінен ақпараттандыруды және ілгерілетуді талап етеді.
Қауымдастықтың барлық мүшелері мен серіктестерінің зияткерлік және басқа да материалдық емес ресурстарын біріктіру синергетикалық әсерге ие болуы мүмкін, бұл бірлестіктің әрбір мүшесінің мақсаттарына жетуде және мәселелерін шешуде айқын артықшылықтармен оралады.
Қауымдастық мүшелері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасындағы бизнестің мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы ақпаратқа және сараптамалық шолуларға басымдықпен қол жеткізу;
- табиғатты пайдаланудың жалпы мәселелерін шешу үшін сарапшылық топтарға қатысу мүмкіндігін;
- тоқсан сайынғы «Экология и промышленность Казахстана» журналына тегін жазылу және компанияның тұрақты даму саласындағы қызметі туралы материалдарды жариялау мүмкіндігі;
- Экология және бизнестің тұрақты дамуы бойынша семинарларымызға 30% жеңілдік;
- әр түрлі серіктестік оқыту бағдарламаларына, бизнес-турларға, форумдарға және т.б. жеңілдікті шарттарымен қатыса алады.
ҚОСЫМША АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
Біздің кеңес беру қызметтеріміз тұрақты даму туралы Есепті бағалаудан бастап компаниялардың тәжірибесіне ашық есеп беру құралдарын енгізу аралығында өзгереді, сондай-ақ жалпы және арнайы мәселелер бойынша оқыту семинарларын өткізуден тұрады. Біз BCSD Kazakhstan (ТДАТПҚА) – ның тәжірибесі мен ресурстарын сіздің компанияңыздың нақты мәселелерін шешу үшін бейімдейміз.
Біздің тұрақты даму сұрақтары бойынша тәжірибеміз мыналарды қамтиды:
- Экологиялық менеджмент;
- Энергетика және климат;
- Парниктік газдар шығарындылары;
- Таза даму тетіктері;
- Эко- және энергия тиімділігі;
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік;
- мүдделі тараптармен диалог;
- тұрақты даму саласындағы хабардарлықты арттыру;
- индикаторлар және ашық есеп беру.
BCSD Kazakhstan мүшесі болу
Жарғыға сәйкес Қауымдастықтың мүшесіне қабылдана алады – Құрылтай құжаттарының талаптарын орындауға дайын екендігін растаған ұйымдар, мүшелердің жалпы жиналысының дауыс беруімен бекітілген, сондай-ақ мүшелікке қабылдау туралы өтініш бергендер, Құрылтай құжаттарының шарттарына сәйкес қабылданған тағы да басқа ұйымдар қабылдана алады.