Біздің қызметіміз өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрақты дамуы үшін заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіру үшін, бизнестің мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес сектормен өзара тиімді әрекеттестігі үшін платформаны қолдауға бағытталған.
2003 жылы бірқатар қазақстандық өнеркәсіптік компаниялар қауымдастыққа бірігіп, өздерінің білімдері мен ресурстарын ұсына отырып, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық бастамалары туралы халыққа есеп беру тәжірибесін ілгерілету арқылы корпоративтік жауапкершілік пен тұрақты дамуды қолдайтынын және үлес қосатынын мәлімдеді.
Қауымдастықтың табысты дамуының негізгі факторы BCSD Kazakhstan директорлар кеңесінің мүшелері өз компанияларында тұрақты басқару тәжірибесін енгізу барысында қауымдастықтың жұмысына қолдау көрсетулері, олардың жеке бейілділігі болып табылады. Толығырақ...