Жарғыға сәйкес Қауымдастықтың мүшесіне қабылдана алады – Құрылтай құжаттарының талаптарын орындауға дайын екендігін растаған ұйымдар, мүшелердің жалпы жиналысының дауыс беруімен бекітілген, сондай-ақ мүшелікке қабылдау туралы өтініш бергендер, Құрылтай құжаттарының шарттарына сәйкес қабылданған тағы да басқа ұйымдар қабылдана алады.
Біздің ұйымға қосылу үшін сізге «Тұрақты дамуға арналған табиғатпайдаланушылардың қазақстандық ассоциациясы» ЗТБ – не қосылу туралы Өтінішті толтыру қажет, сонымен қоса:
- Қазақстан Республикасының әділет органдарында Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу куәлігінің көшірмесін;
- Құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін (жарғы, жарғыға өзгерістер, егер бар болса) жіберіңіз.