АЗФ қалалық ауруханаларға күн сайын шамамен 300 оттегі баллонын толтырып беруде

ERG құрамындағы «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өңірде пневмония мен COVID-19 жағдайларының ушыққан кезінде  ақтөбелік дәрігерлерге көмекке келді. 28 маусымнан бастап 5,5 мыңнан астам оттегі баллоны ауруханалар мен уақытша орталықтарға жеткізілді. Жұмыс тәулік бойы жалғасуда.

Компания басшылығы дәрігерлердің өтінішіне жауап беріп, маусымның соңында зауыттың оттегі учаскесіне өз еңбек күші мен көлігін пайдалана отырып, зауыт оттегісін жеткізу жұмыстары басталды. Айта кету керек, бұл оттегі бұрын қалалық ауруханаларда қолданылған, бірақ әлдеқайда аз мөлшерде. Егер бұрын айына 30 баллон болса, бүгінде күніне шамамен 300 баллон жеткізіледі.

– Олар бізден көмек сұраған кезде, біз бірден жауап бердік. Бүгінде біздің қызметкерлер – оттегі бөлімінің шеберлері тәулік бойы жұмыс істейді, ешбірі шағымданбай, барлығы өз істерімен айналысуда. Өйткені олар адам өмірін сақтап қалуға атсалысып жатқандықтарын жақсы біледі. Басқа цехтар мұндай жұмыстың жүріп жатқанын естігенде, жігіттерін көмекке жібере бастады. Біз оларға қолдау мен түсіністік үшін үлкен алғысымызды білдіреміз, – дейді «Қазхром «ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжулов. – Сонымен қатар, біздің қызметтер күнделікті оттегінің құрамы мен тазалығына қатаң талдау жүргізеді. Бұл біз үшін өте маңызды, өйткені біздің оттегіміз адамдар үшін пайдаланылатынын түсінеміз. Жеткізу ауруханалардың өтініші бойынша жедел жүзеге асырылады.

Оттегі баллондары туберкулезге қарсы диспансерге, теміржол ауруханасына, «Чайка» туберкулез санаториясына, жұқпалы аурулар мен облыстық ауруханаларға, медициналық академия жатақханасындағы уақытша орталыққа және «Дару» емханасына жіберіледі.

– Зауыттың бұл істеріне көп рахмет, алғашқы қоңырауымыздан-ақ, босаған баллондарды бірден әкетіп, оттегі толы баллондарды тез толтырып әкеліп беруде. Бұл көмек біз үшін өте маңызды. Зауыт жұмысшыларына басымызды иеміз. Сіздер дәрігерлермен бірігіп, мыңдаған адамның өмірін өлімнен арашалап жатырсыздар, – деді «Дару» клиникасының бас дәрігері Изольда Каландия.

Зауыт жұмысшыларының көмегіне жүгінген медицина қызметкерлері ғана болмады. Ақтөбе медициналық орталық мамандары да олардан Бобровтың қондырғыларына арналған арнайы жалғағыштарды (олар науқасқа шардан жеткізілетін оттекті ылғалдандыру үшін қажет) шығаруға көмек сұрады. Бұл жолы механикалық жөндеу цехының мамандары іске кірісті.

– Біз медициналық орталыққа барып, мамандармен кездестік. Керек жалғағыштардың түрімен таныстық. Зауытқа оралып, жігіттермен ақылдасып, нобайын жасадық. Алдымен байқап, артынша толығымен қажет құралды жасап шығардық. Біздің мамандар осы маңызды бөлшектерді өндіруді екі тәулік бойы қолдың күшімен дайындап шығарды. Нәтижесінде, біз дәрігерлерге 40 жиынтық жасап жібердік. Жөндеушілер айтқандай, егер қажет болса, бұдан да артығын істей аламыз, өйткені біз маңызды жұмысты атқарып жатқандығымызды түсінеміз, – дейді механикалық жөндеу цехы бастығының орынбасары Темірбай Мамырбаев.

Зауыт жұмысшылары ашылған қосымша орындарда бірден сол сәтте жедел әрекет етті, бірақ қажетті жабдықтар жетіспеді.

– Қазхром бізді наурыз айында карантиннің алғашқы күнінен бастап қолдады, өйткені біз уақытша ауруханаға айналдық, – дейді Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігері Рүстем Исаев. – Олар біздің қызметкерлерге көмектесіп, сыйлықтарымен де қолдаған болатын. Қазір олар оттегі баллондарын толтыруда өте маңызды қолдау көрсетіп жатыр. Бобровтың қондырғылары жасалынған кезде зауыттың  металл жонышулары оттегі жеткізуге арналған жалғағыштарды таңдауға және жасауға көмектесті. Тәулік бойы тынымсыз еңбектеніп жатқан оларға – көп рахмет.

Қазхромтықтар пандемия басталғалы бері өз көмектері мен қолдауларын еш аянбай тигізуде. #Bizbirgemiz науқанына қолдау көрсету үшін басқару аппаратының қызметкерлері ерікті түрде 2 миллион теңге қаражат жинады. Оның ішінде 1 миллион теңге Ақтөбе ауруханаларының кіші медициналық қызметкерлеріне қаржылай көмекке бағытталды. «Қазхромдықтар» жиналған қаражаттың бір бөлігін қоғамшылдарға жолдады.  Ал олар күн сайын Ақтөбедегі өткізу пункттеріне ыстық тамақ беріп отырды. Барлық филиалдарда ардагерлерге арналған 130-дан астам азық-түлік жиынтықтарын сатып алу және жеткізу ұйымдастырылды. Металлургтер күні қарсаңында кәсіпорынның Жастар кеңесі қолдау мен құрметтің белгісі ретінде Ақтөбе, Хромтау және Ақсу қалаларындағы Евразия едициналық орталық дәрігерлеріне, сондай-ақ Ақтөбе медициналық орталығы мен басқа да медициналық мекемелердің қызметкерлеріне жеміс-жидектер мен тәттілері бар 70 себет сыйлады.


Қосымша ақпарат үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:

Ақтөбе қ., «Қазхром» ТҰК» АҚ

Корпоративтік коммуникация қызметі

т. +7 (7132) 973150 -454, 973-151

+7 702 111 41 08

Виктория Машкарина

Viktoriya.Mashkarina@erg.kz

Поделиться:

Новости по теме